Қытай Шығыс Қазақстан облысына зертханалық құрал-жабдық жеткізеді
Құжаттарда Қытай тарапының Қазақстан үкіметінің өтініші бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеру зертханасына құны 11,15 миллион юань (шамамен 753,5 миллион теңге) құрал-жабдықтар беруге келіскені айтылған.
Өскеменге жабдықты тасымалдау, оны орнату үшін техникалық мамандарды жіберу және қазақстандық мамандарға нұсқау беру Қытайға жүктелетіні көрсетілген.
Өз кезегінде Қазақстан зертхананың жобалау және әрлеу жұмысына жауап береді, зертхананың жұмысына қажет жағдай жасайды. Сонымен қатар кедендік және басқа да операциялардың шығынын өз мойнына алады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, келісім екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас пен техникалық-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттауға мүмкіндік береді.
Құжат 20 желтоқсанға дейін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.