Оңтүстік Кореяның экс-президентіне денсаулығына байланысты рақымшылық жасалды
Сурет: wikimedia
Ли Мён Бак пара алды және мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен 17 жылға сотталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл сейсенбі күні бұрынғы көшбасшы Ли Мен Бакқа рақымшылық жасады, деп хабарлайды Yonhap.
Ли Мён Бак 2013 жылдың ақпанына дейін бес жыл президент қызметін атқарды. 2020 жылдың қазан айында ол пара алды және мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ денсаулығына байланысты жаза мерзімі маусым айынан бері кейінге шегерілді.
Кешірім жасау туралы арнайы жарлық 28 желтоқсанда күшіне енеді. Ли Мён Бак түрмедегі қалған 15 жылды өтеуден босатылады.
Бұл - Юн Сок Ёлдың 2022 жылдың мамырында қызметіне кіріскеннен бері екінші рет кешірім жасауы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript