Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей мұнайы бағасының шекті деңгейіне қарсы шаралар туралы жарлыққа қол қойылды

Жарлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 00:38 Сурет: kremlin.ru
РФ президенті Владимир Путин бірқатар батыс елдерінің Ресей мұнайының бағасына шекті деңгей енгізуіне қарсы шаралар туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған құжатта көрсетілгендей шетелдік азаматтар мен компанияларға егер келісімшарттарда "шекті бағаны белгілеу тетігін пайдалану тікелей немесе жанама түрде көзделсе" ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге тыйым салынады. Мұнайды жеткізуге салынған тыйым осы жарлық күшіне енген сәттен бастап, яғни 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өз күшінде болады.

Мұндай шешім "АҚШ пен оған етене жақын шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың достыққа жатпайтын және халықаралық құқыққа қайшы әрекеттеріне" байланысты қабылданғаны атап өтілген. 

Сондай-ақ осы жарлықпен тыйым салынғанына қарамастан ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу әлі де жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ бұл үшін Ресей Федерациясы президентінің арнайы рұқсаты қажет.

22 желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында Путин Ресей мұнай бағасына белгіленген шекке қатысты ештеңе жоғалтпайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл шешім арқылы "геосаяси оппоненттер мен қарсыластар" Ресей бюджетіне түсетін кіріс көлемін шектеуге тырысады.

Құжат Батыс елдерінің Ресей мұнайының бағасына шекті көлем енгізуіне жауап болды. ЕО елдері 3 желтоқсанда энергия ресурстарына белгіленетін шекті баға көлемін өзара келіскен.  Мұнайдың бір баррелі ары кеткенде 60 доллардан аспауы тиіс. Осы баға шегі 5 желтоқсанда ЕО елдеріне теңіз арқылы Ресей мұнайын жеткізуге салынған тыйыммен қатар өз күшіне енді. Мұнай өнімдеріне арналған шектеу 2023 жылдың 5 ақпанынан бастап күшіне енеді. ЕО-дан басқа, G7 және Австралия елдері де шекті бағаға қатысты шешімге қосылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: