Путин Ресей армиясындағы әскери қызметшілердің санын көбейту туралы жарлыққа қол қойды

Жарлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2022 19:58 Сурет: kremlin.ru
РФ президенті Владимир Путин Ресей әскері қатарындағы әскери қызметшілердің штат санын 137 мың адамға көбейту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей Федерациясының құқықтық ақпарат ресми интернет-порталында РФ Қарулы Күштері қатарындағылардың жалпы саны 1 миллион 150 мың 628 адамды құрайды делінген.

Жарлық 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

2018 жылдың басынан бастап РФ Қарулы күштері қатарын 1 миллион 902 мың 758 адам құрайды, оның ішінде 1 миллион 13 мың 628-і - әскери қызметші.

"Коммерсант" басылымының мәліметінше, КСРО Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің саны 1991 жылдың соңында 3,7-3,8 миллион адамды құрады (азаматтық персоналсыз). 1992 жылы РФ президенті Борис Ельцин әскер санын қысқартуды көздейтін "Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін құру туралы" Жарлыққа қол қойды. Түрлі бағамдар бойынша, сол кезде Ресейде 2,5-2,8 миллион штаттық әскери болған.

1994 жылға қарай Ресейдегі әскери қызметшілердің саны 2,1 миллионға, 1996 жылға қарай 1,7 миллионға дейін азайды (1992 жылмен салыстырғанда 40% - ға).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: