Латын Амаерикасындағы ірі портқа Пеленің есімі берілетін болды
Сурет: Instagram/Pele
Бразилия мен Латын Америкасының Сан-Паулу штатында орналасқан Сантос портының атауы Сантос-Пеле порты болып өзгертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бразилияның G1 жаңалықтар порталы Сан-Паулудың бұрынғы мэрі Александр Барбозаның президентке порт атауын өзгерту туралы ұсыныс-өтініш депутаттардың атынан келіп түскенін хабарлады.
2023 жылы порт жаңа атауға ие болуы керек.
"Пеле барша әлемге Сантос пен Бразилияның атын танытты. Ол еліміздің ең ірі экспорттық "өнімі" болып табылады және бұл Сантосты өз қаласы ретінде таңдаған өзге адамдарға да құрмет". Сан-Паулудың бұрынғы мэрі Александр Барбоза
Айта кетсек, 82 жасында Пеле деген атпен барша әлемге танылған бразилиялық футболшы Эдсон Арантис ду Насименту дүниеден озды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript