АҚШ-тағы Универсиадаға елімізден 78 спортшы аттанды

Лэйк-Плэсид, Бүкіләлемдік универсиада, Қазақстан спортшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 16:43 Сурет: Instagram/lakeplacid2023
12-22 қаңтар аралығында Американың Лейк-Плэсид қаласында ХХХ Бүкіләлемдік қысқы универсиада өтеді. Оған Қазақстаннан 78 студент қатысады. Студенттер спартакиадасында әлемнің 50 елінен 1443 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лейк-Плэсид қаласының ареналарында спорттың 12 түрінен 86 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның намысын спорттың он түрінен 78 спортшы қорғайды. Студенттік спорт тарихында біздің спортшылар 2017 жылы Алматыда өткен Универсиадада ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

6 жыл бұрын қазақстандық студенттер спорттың ір түрінен 36 жүлдеге ие болды: 11 алтын, 8 күміс және 17 қола. Командалық медальдық есепте Қазақстан 71 медаль ұтқан ресейліктерге ғана жол берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: