Мексика Қазақстанда елшілігін ашады

Қазақстанда Мексиканың елшілігі пайда болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2023 16:27 Сурет: ҚР СІМ
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Мексиканың Қазақстанда елшілік ашу ниеті туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, 12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексика Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың дипломатиялық корпуспен 34-ші жыл сайынғы кездесуі өтті.
"Өз сөзінде Марсело Эбрард биылғы міндеттері туралы айта отырып, 2023 жылы Мексика бес жаңа елшілікті, оның ішінде Қазақстанда да ашатынын ресми түрде хабарлады".Айбек Смадияров
Айбек Смадияров Қазақстан Мексика үкіметінің тілегін құптайтынын және Астанада Мексика елшілігін ашуға қажет көмек беруге дайын екенін айтты.
Айта кетейік, Қазақстанда әлі елшілік болмағандықтан, Мексикаға виза алу үшін қазақстандықтар басқа елде орналасқан Мексика елшілігіне, мысалы, Түркиядағы немесе Ирандағы Мексика өкілдігіне жүгінуі қажет.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: