Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай халқының саны 1961 жылдан бері алғаш рет қысқарды

Қытайда халық саны азайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 14:12 Сурет: unsplash
2022 жылы Қытай халқының саны кейінгі алпыс жылда алғаш рет қысқарды. Бұл ел мен әлем экономикасына терең әсер ететін халық санының ұзаққа созылған қысқару кезеңінің басталуын білдіреді деген болжам бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай халқының саны шамамен 850 мыңға азайып, 1 411 750 000-ға жетті, деп хабарлайды Reuters агенттігі. Ұзақ мерзімді перспективада БҰҰ сарапшылары 2050 жылға қарай Қытай халқы 109 миллион адамға азаяды деп есептейді. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы болжамнан үш есе көп.
Демографтар "Қытай байымай тұрып қартаяды" дейді. Бұл экономиканы бәсеңдетеді, өйткені кіріс төмендейді және денсаулық пен әл-ауқаттың өсуіне байланысты мемлекеттік қарыз өседі.
"Қытайдың демографиялық және экономикалық болжамы күткеннен әлдеқайда нашар. Қытай әлеуметтік, экономикалық, қорғаныс және сыртқы саясатын түзетуге мәжбүр болады".Демограф И Фуксиан
Фуксиан отандық жұмыс күшінің қысқаруы мен өндірістің құлдырауы АҚШ пен Еуропадағы бағалардың өсуі мен жоғары инфляцияны одан әрі күшейтетінін айтты.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Кан И халық санының азаюына алаңдамауы керек, өйткені "жұмыс күшінің жалпы ұсынысы әлі де сұраныстан асып түседі" деді.
Қытайда туу көрсеткіші былтыр 1000 адамға шаққанда 6,77 бала болған. Бұл - 2021 жылғы 7,52 баладан төмен және ел тарихындағы ең төменгі туу көрсеткіші. 25 пен 35 жас аралығындағы бала туатын жастағы әйелдердің саны шамамен 4 миллионға азайған.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: