Достарымен жасырынбақ ойнап жүрген бангладештік бала Малайзиядан бір-ақ шықты
Сурет: pixabay
Фахим есімді бангладештік бала достарымен жасырынбақ ойнап жүріп, жүк тасымалдайтын контейнерге тығылған. Ол сол жерде ұйықтап қалып, Малайзияға жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фахим контейнерде алты күн тамақсыз, сусыз отырған. Оны Малайзия портының қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Oddity Central.
Бала жергілікті тілді білмеген, порт қызметкерлері полиция шақырған. Олар баланың достарымен жасырынбақ ойнап жүріп, контейнерге жасырынғанын білді. Бала көмек сұрағанымен оған ешкім жауап бермеген.
Кейіннен дәрігерлер әлсіреген баланы ауруханаға жеткізіп, оның жағдайын тұрақтандыруға кірісті.
Сауыққан соң бала үйіне қайтарылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript