Украинада қазіргі уақытта не болып жатыр

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 20:57 Сурет: pixabay
Украина босқындары Кипрде тағы бір жыл бола алады. Мемлекет украиндықтарды уақытша қорғау құқығын 2024 жылдың 4 наурызына дейін ұзартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Украина Қарулы күштері өз мемлекеті көгінен жарқылдаған шарлар байқалғанын мәлімет етті. Бұл факт 12 және 14 ақпанда тіркелген.

- Нидерланды мен Дания Украинаға Leopard 2 танктерін бермейтінін мәлімдеді.

- АҚШ әскері Украинаға тапсырылуы тиіс артиллериялық оқ-дәрілер өндірісі бойынша 522 миллион доллардың келісімшартына отырды. 

- Қазіргі уақытта Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға беруге заңды негіз жоқ, дейді Швейцария билігі.

- Еурокомиссия дрондар мен тікұшақтар өндірісіне қажетті электрониканы Ресейге жеткізуге тыйым салуды ұсынады, деді ЕК басшысы Урсула фон дер Ляйен.

- Ресей Украина шекарасы маңына ұшақтарын жинап жатыр. 

- Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенко "Ақпараттық тұрғыда Ресейге қарсы жауласушы" Telegram арналарды арнайы белгілермен таңбалауды ұсынды.

- Америкалық "Виатрис" компаниясы "Виаграны" Ресейге тасымалдауды тоқтатты.

- Жеті мемлекет 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялады, оған себеп - Ресей мен Беларусь спортшыларына өз жалаулары астында өнер көрсетуіне рұқсат етілуі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: