Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға көбіне осы 10 елден туристер келеді

Қазақстанға көбіне осы 10 елден туристер келеді Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2023 жылдың қаңтар айының басынан бері Қазақстанға келген туристердің үздік ондығына Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және Германия азаматтары енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа жыл басынан бері Қазақстанға 2,5 мыңға жуық түрік азаматы, 1,4 мыңға жуық Германия азаматы, 1,4 мыңға жуық АҚШ азаматы және 1,2 мыңға жуық Ұлыбритания азаматы келген.

Көрші елдерден келген қонақтарға тоқталсақ, Ресейден 58,2 мыңнан астам турист, Өзбекстаннан 11,2 мыңнан астам турист, Қырғызстаннан 3 мыңға жуық, Қытайдан 2,3 мыңнан астам, Тәжікстаннан 2-ден астам турист келіп, бұл елдер алғашқы ондыққа енген.

Үндістаннан келген қонақтардың өсу динамикасы байқалды, шамамен 3 мың турист. Жақында Қазақстан  Үндістанда туризм саласындағы беделді сыйлыққа ие болды.

Бұл ретте Алматы көш бастап тұр, бұл аймаққа 40 мыңға жуық турист келген. Одан кейін Астана (22 мыңнан астам), Ақтөбе облысы (4733), Атырау облысы (4212), Маңғыстау облысы (3023), Батыс Қазақстан облысы (2778), Павлодар облысы (2719), Солтүстік Қазақстан облысы (2651), Шымкент (2586) және Қарағанды ​​облысы (2573) тұр.

"Туристтердің негізгі ағынын Алматы мен Астанадағы қонақүйлер қабылдайды. Ең танымал орналастыру орындарының ондығына осы екі мегаполистегі қонақүйлер кіреді. Сонымен қатар биыл жыл басынан бері Қазақстан бойынша 16 654 жеке және 6 746 заңды тұлға қонақтарды қабылдады", - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың 9 айында 5,5 миллион қазақстандық шетелде демалса, 3,4 миллион адам басқа елдерден Қазақстанға демалуға келген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: