БҰҰ мұхиттарды қорғау туралы келісімді мақұлдады
Сурет: freepik
100-ден астам елдің өкілдері БҰҰ-ның ашық теңізді қорғау туралы келісімге отыру процесін аяқтады. Экологтар қауымының пікірінше, бұл - теңіз биоәртүрлілігінің жойылуына қарсы және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге сеп көптен күткен қадам, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл келісімнің арқасында 2030 жылға таман олардың 30%-і қорғалатын акваторияға айналады.
Енді бұл аумақтарда кешенді экологиялық тексерулерден кейін ғана кеме қатынасы, су асты бұрғылау жұмыстары мен балық аулауға рұқсат етіледі. Ал қазір мұхиттың тек 1,2%-і ғана қорғалатын аймаққа жатады. Негізі келісім 20 жылдай дайындалған. Осы уақыт бойы халықаралық бірлестікке мүше елдер бір мәмілеге келе алмаған. Әсіресе балық аулау квоталарына қатысты келіспеушіліктер болды.
"Ұзақ жылдан кейін ақыры бір мәмілеге келдік. Енді техникалық тұстары қалды. Осыдан кейін құжат алты тілге аударылып, кейіннен бекітілетін болады".БҰҰ-ның Дүниежүзілік мұхит және теңіз құқығы сұрақтары жөніндегі елшісі Рена Ли
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript