Жаңалықтар тізбегі
0

Аты аңызға айналған Джеки Чан шапан киіп, қазақша ән шырқады

Аты аңызға айналған Джеки Чан шапан киіп, қазақша ән шырқады Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде аты аңызға айналған гонконгтық актер, каскадер, режиссер, продюсер, сценарист және экшн-режиссер Джеки Чанның шапанда түскен видеосы пайда болды. Кадрда танымал актер "Ақ шашу" әніне қосылып ән салып, билеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Qazaqstan 24/7" Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Джеки Чан фильмді түсіру үшін Іле-Қазақ автономиялық округіне барған.

"Жергілікті қазақтар актерды қарсы алып, шапан жауып, айғырды сыйға тартты", - делінген хабарламада.


Qumash_kz Instagram паблигінің жазылушылары Джеки Чанның мұндай видеосына баға берді:

  • «Өте сүйкімді»,
  • «Жаным, Джеки»
  • «Жәке Чанбаев»,
  • «Джеки енді Жәке»
  • «Ең құрметті Қытай азаматы»,
  • «Ақ шашу» екенін түсініп тұрмын, бірақ қытайша әнді тыңдап тұрғандаймын»,
  • «Қазақтардың ең маңызды миссиясының бірі – бүкіл әлемге шапан жабу»,
  • «Адамның 75%-ы судан тұрса, Джеки шкафының 99%-ы - шапан».

Қытайда 1,5 миллионға жуық этникалық қазақ тұрады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз