Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан оқушылары Үндістандағы робототехника чемпионатында үш марапатқа ие болды

Қазақстан оқушылары Үндістандағы робототехника чемпионатында үш марапатқа ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 17:45 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысында Қазақстан атынан Алматы қаласының №81 мамандандырылған мектеп оқушылары өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

USTEM Robotics қоғамдық қорының хабарлауынша, екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар іріктеу матчтарында жеңіліссіз өнер көрсетіп, жоғары үш марапатқа ие болды. 

  • Finalist Alliance Captain Award - финалдық матчтар барысында Альянсты басқарғаны үшін арнайы марапат;
  • Innovate award - Робот жасаудағы инновациялық тәсіл үшін ең жоғары инженерлік марапат;
  • Rookie Inspiration - жаңадан келген командаға берілетін ең жоғары марапат.

Айта кетері, Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысына 5 елден 70 команда жиналды. Қазақстан, Үндістан, Израиль, Ресей және Румыния мемлекеттерінің оқушылары арасынан үздіктер анықталды.


"Біз бұл сапардан үлкен тәжірибе алдық. Балалар Израильдің ең мықты командасын жеңіп шықты. Әлемдік аренаға алғаш рет шыққан команда үшін бұл - үлкен жетістік. Қазылар алқасы да балалардың жұмысын жоғары бағалап, бірден үш марапат табыстады" – деді жаттықтырушы Бекзат Аманов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: