Жаңалықтар тізбегі
0

Сергей Гайдай Украинаның Қазақстандағы елшісі болды деген қауесетті Сыртқы істер министрлігі түсіндірді

Сергей Гайдай Украинаның Қазақстандағы елшісі болды деген қауесетті Сыртқы істер министрлігі түсіндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 20:17 Сурет: kazakhstan.mfa.gov.ua
Сенат отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Украинаның Қазақстандағы елшілігінің елшісіз қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Сонымен қатар бұл қызметке Сергей Гайдайдың тағайындалуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роман Василенко шетел елшісін тағайындау тәртібін жариялады.

"Жалпы басқа мемлекетте кез келген елдің елшісін тағайындау тәртібі келісімді алу тәртібімен қарастырылады. Бұл жағдайда украиналық тарап сұрайды немесе қазірдің өзінде сұрап жатқан болуы мүмкін. Мен жағдайды білмеймін. Содан кейін қабылдаушы тарап келісім береді немесе жай ғана ұзақ уақыт үнсіз қалады. Себебі дипломатияда бас тарту жоқ. Бұл - стандартты рәсім".Роман Василенко

Бұл арада ол Луганск облыстық әскери басқармасының басшысы Сергей Гайдайды Украинаның Қазақстандағы елшісі етіп тағайындау туралы өтініштің болған-болмағаны туралы мәлімет жоқ екенін айтты

"Мен де сіздер сияқты Украина оны елші етіп тағайындауды жоспарлап отырғанын жаңалықтардан оқыдым. Жалпы Украинаның Қазақстандағы елшілігі жұмыс істейді, бірақ оны уақытша сенімді өкіл басқарады. Әдетте бұл функция келесіге жүктеледі, лші жоқ кезде аға дипломатқа. Қазір Украинаның Қазақстандағы елшілігінің жағдайы осындай".Роман Василенко


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: