Жаңалықтар тізбегі
0

"Болашақ" бағдарламасына құжат тапсырудың екінші легі басталды

"Болашақ" бағдарламасына құжат тапсырудың екінші легі басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 10:41 Сурет: bolashak.gov.kz
Қазақстанда "Болашақ" стипендиялық бағдарламасы аясында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың екінші легі басталды. Үміткерлердің құжаттары 28 сәуірге дейін eGov.kz электрон үкімет порталы арқылы онлайн қабылданады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алуға 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Басым мамандықтар тізіміне 262 мамандық кірді. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, жасыл технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру және т.б. сынды еңбек нарығында өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

«Инженерлік-техникалық және медициналық кадрларға арналған квоталар бекітілді. Енді олар алдымен мерзімі 12 айға дейінгі тілдік дайындықтан өтіп, шетелдік жоғары оқу орнына жеңілдетілген шарттармен түсе алады. Оларға шақырту тапсыру талабы қойылмайды. Бұл аталған бағыттар бойынша түсетіндер үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

"Сонымен қатар биыл үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Енді докторатураға түсетіндерді қоспағанда, кандидаттардың барлығы шет тілі бойынша сертификат тапсыруға міндетті", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Биылғы тағы бір жаңалық - бағдарлама аясында оқытуды қоса қаржыландыру бекітілді. Шетелдік ЖОО-ның грантын ұтып алған үміткерлердің "Болашақ" шеңберінде қосымша қаржыландыруды алуға мүмкіндігі бар. Мұндай стипендиаттар үшін еңбек өтілі 1 жылға қысқарды.

Еске сала кетейік, биыл алғашқы легінде Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен "Болашақ" стипендиясы 25 қазақстандыққа тағайындалды.

Жыл соңына дейін өтінімдерді қабылдаудың тағы екі легі өтеді: 5 маусым мен 7 шілде аралығында, сонымен қатар 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: