Жыл басынан бері 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 10:00 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан келген. 19,3%-ы Қытайдан, 6,3%-ы Түрікменстаннан, 5,3%-ы Моңғолиядан, 13%-ы Ресейден және 3,7%-ы басқа елдерден оралды.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,3% және зейнеткерлер 8,6% болды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-ы жоғары білімді, 39,9%-ы орта кәсіби білімді, 36,7%-ы жалпы орта білімді және 4,8%-ының білімі жоқ.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: