Ердоған алғашқы түрік бақылау спутнигі ғарышқа қашан ұшырылатынын айтты

Түркия, бақылау спутнигі, IMECE, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 10:16 Сурет: Twitter/TCSanayi
Түріктің алғашқы Imece бақылау спутнигі орбитаға 11 сәуір күні шығарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ел президенті Режеп Тайип Ердоған Twitter арқылы мәлімдеді.

Спутник қорғанысқа, табиғи апаттармен күресуге, климаттың өзгеруін бақылауға және ауылшаруашылық саласын дамытуға қажет мәліметтер жинайды.

Түркия білікті кадрлар, мүмкіндіктер мен өзі жасаған технологиясын жаһандық ғарыш бәйгесіне қосуын жалғастырады, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Спутниктік аппарат күн-синхронды орбитаға 680 км биіктікке шығарылады. Спутникі ұшыру жергілікті уақыт бойынша 09:50-ге жоспарланған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: