Blackpink тобы YouTube-тегі қаралым санымен Гиннес рекордтар кітабына енді
Сурет: Instagram/blackpinkofficial
Оңтүстік Кореяның Blackpink поп-тобының каналы музыкалық топтар арасында YouTube-те ең көп қаралған арна болды. Бұл жеңіс топқа Гиннестің рекордтар кітабына енуіне мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші қыздардың Youtube арнасындағы видеолар 30 миллиардтан аса қаралым жинаған. Бұл жағынан оңтүстіккореялық топ канадалық әнші Джастин Биберді озып кетті. Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды.
Каналдың 86,9 миллион жазылушысы бар. Онда барлығы 505 бейнеролик жарияланған.
Blackpink YouTube арнасы 2016 жылдың шілдесінде құрылған. Квартет бұрын Spotify желісіндегі әлемдегі ең көп трансляцияланған қыздар тобы және Ұлыбритания мен АҚШ-тың негізгі альбом диаграммаларында №1-орынға шыққан алғашқы K-pop қыздар тобы ретінде рекордтар орнатқан.
24 наурызда әнші The Weeknd әлемдегі ең танымал әртіс ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгені белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript