Сербия президенті өлім жазасын қайтаруды ұсынды
Александр Вучич премьер-министр Ана Брнабичке өлім жазасын қайтаруды ұсынды. Алайда премьер-министр мен үкімет бұған қарсы шықты. Егер бұл жаза шарасы қайтарылса, Сербия мен Беларусь Еуропада өлім жазасы қолданылатын жалғыз ел болар еді, деп жазды ТАСС.
3 мамырда Белград қаласының орталығындағы мектепте жасөспірім құрдастарына оқ жаудырды. Атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты, оның сегізі оқушы, біреуі күзетші. Тағы алты бала мен бір мұғалім жарақат алып, ауруханада жатыр.
Серб ақпарат құралдарының хабарлауынша, 13 жасар бала білім беру мекемесіне екі тапанша мен бөтелкеге құйылған жарылғыш зат алып келген.
Кейін Вучич оқ атқан бала жасына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын, оның орнына психиатриялық ауруханаға жатқызылатынын мәлімдеді. Елде үш күндік қаралы күн жарияланды.
Жұма, 5 мамырға қараған түні Младеновац муниципалитетінде 2002 жылы туған жас жігіт автоматтан оқ жаудырып, сегіз адамды өлтіріп, 14-ін жаралаған.
Күдікті ұсталды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.