Өзбекстанда президентті сайлау науқаны басталғаны хабарланды

Өзбекстан, Өзбекстандағы сайлау, президентті сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 14:02 Сурет: pixabay
Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы 9 шілдеде өтетін кезектен тыс президент сайлауы науқаны басталғанын мәлім етті. Үміткерлерді тіркеу 6 маусымда аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы 10 мамырдағы отырысында 9 шілдеге белгіленген кезектен тыс президент сайлауы науқаны басталғаны туралы шешімді мақұлдады, деп жазды Газета.uz басылымы.

Отырыста ОСК төрағасының орынбасары Бахром Кучкаровтың айтуынша, партиялар 13 мамырға дейін уәкілетті өкілдерін тіркеуге өтініш беріп, 15 мамырға дейін сайлауға қатысу үшін құжаттарын тапсыруға тиіс.

Партиялардың кандидаттарды ұсынуы 17 мамыр мен 1 маусымға жоспарланған. Кандидаттарды тіркеу құжаттары 2 маусымға дейін ОСК-ға тапсырылуы қажет. Тіркелу 6 маусымда аяқталуы керек.

Президенттікке кандидат ұсынуға тек саяси партиялар ғана құқылы. Өзбекстанда бес партия тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: