Жаңалықтар тізбегі
0

БҰҰ өкілі Қазақстанда балаларды ұрып жазалауға тыйым салуды ұсынып отыр

БҰҰ өкілі Қазақстанда балаларды ұрып жазалауға тыйым салуды ұсынып отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 16:44 Сурет: freepik
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Артур Ван Дизен Қазақстанға заңнамалық деңгейде балаларды ұрып жазалауыға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҰҰ Балалар қоры өкілінің пікірінше, Қазақстан дұрыс жолда келе жатыр.

"Балалар арасындағы және оларға қарсы зорлық-зомбылықтың қаншалықты жойқын түрде өршіп тұрғанын байланысты әлеуметтік нормаларды өзгерту керек және бұл нормаларды отбасыларға хабарлау арқылы өзгерту керек. "Мен осылай өстім, өлген жоқпын. Енді баламды да солай өсірем" деп ойлаудың қажеті жоқ. Осылайша баланы оған дауыс көтермей-ақ, қол тигізбей-ақ тәрбиелеуге болады. Ол үшін ата-аналарға осы ақпаратты жеткізетін тиімді коммуникация науқаны қажет. Сонымен қатар заңнамалық деңгейде ұрып тәрбиелеуге, дене жазасына тыйым салу керек".Артур Ван Дизен

Ол қазірдің өзінде әлемнің 65 елі өз заңында ұру арқылы, денеге жарақат салу арқылы жаза қолдануға болмайтынын белгілегенін және оған тағы 27 елдің қосылатынын айтты.

"Айтпақшы, бұл елдердің кейбірі Қазақстанмен көршілес. Сондықтан отбасында да, отбасынан тыс жерде де ұру сияқты дене жазасына тыйым салу маңызды".Артур Ван Дизен

Баяндамашы қоғамда азаматтардың бұл мәселеде – балаға зорлық-зомбылыққа жол бермеу және ұрып жазалауына жол бермеу туралы нық ұстанымын қалыптастыру керек деп есептейді.

Бұдан бұрын Қазақстанда «Бала құқығы туралы конвенцияға байланыс рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы әзірленген. Оны ратификациялағаннан кейін Қазақстан балалары құқығының бұзылуы туралы БҰҰ-ға шағым түсіре алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: