Жаңалықтар тізбегі
0

Кенияда діни бірлестік құрбандарының саны 200-ден асты

Кения, "Ізгі хабар" діни бірлестігі, аштық, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 17:29 Сурет: pixabay
Кенияда діни бірлестік құрбандарының саны 226-ға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Citizen TV арнасының мәліметінше, Кенияда "Ізгі хабар" діни бірлестігінің пасторы дінді ұстанушыларға аштан қатуды бұйырған, салдарынан 226 адам қаза тапты. Өткен демалыс күндері қаза тапқандар саны 201-ге жеткені хабарланған.
"Жағалау провинциясының аймақтық комиссары Рода Оньянчтің айтуынша, сәрсенбі күні табылған 15 мәйіттің 14-і қабірлерден және біреуі бұталардың арасынан табылған. Осылайша орманда табылған мәйіттердің жалпы саны 226-ға жетті", – делінген телеарна таратқан ақпаратта.

Мәйіттер пастор Пол Маккензидің соңынан ерушілердікі деген болжам айтылды. Ол Исамен кездесу үшін қауымына аштықтан өлуді бұйырды деген болжам бар. Осы айдың аяғында Маккензи, оның әйелі және тағы 16 күдікті сот алдында жауап бермек. Прокурорлар оның "терроризм" бабымен жауапқа тартылатынын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: