Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Ақаев әйелімен бірге Қазақстан арқылы еліне оралды

Асқар Ақаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2023 15:00 Сурет: wikimedia
Қырғыз Республикасының тұңғыш президенті Асқар Ақаев жұбайы Майрам Ақаевамен бірге өз Отанына оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні Қазақстан арқылы Қырғызстанға жеткен. Ондағы мақсат - Ұлттық Ғылым академиясы мен Қырғыз техникалық университетінде дәріс оқу, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Құмтөрді байыту ісі шеңберінде Асқар Ақаевқа билік пен қызметтік жағдайын теріс пайдаланды, сондай-ақ 1992 жылы "Камеко" компаниясымен бас келісім жасасу және 2003 жылы "Құмтөр" жобасын қайта құрылымдау эпизодтары бойынша немқұрайлылық танытты деген айып тағылды.

2021 жылдың тамызында қуғында жүргеніне 16 жыл болған Ақаев Құмтөр ісі бойынша куәлік беру үшін Қырғызстанға келді. Ол желтоқсанда қайта кері ұшып кетті.

Сұқбаттарының бірінде бұрынғы мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының бұдан былай өзіне қарсы талаптары жоқ екенін айтқан болатын. 

2022 жылдың қаңтар айының ортасында президент Садыр Жапаров: "Асқар Ақаев бұрынғы қателіктері үшін халық алдындағы кінәсін толығымен өтеп болды", - деді. Бір жылдан кейін Ақаевқа қатысты қылмыстық іс ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылғаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: