СІМ "Қазақстан жері сатылып жатыр" деген хабарламаға сенбеу керек екенін айтты
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте "Қазақстанның жері Қытайда сатылады" деген фейкке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттан хабардар екенін айтты.
"Бұл жаңалықты Сыртқы істер министрлігі естіді, хабардармыз. Қытай тарапына дереу жеткізілді. Бейжіңдегі біздің елші Қытайдың Сыртқы істер министрлігіне дереу жеткізді. Біз де Қытайдың осындағы елшісіне жеткіздік. Бұл хабарлама біздің сауда платформалары сияқты сайтта пайда болған. Модерациядан қалай өткенін білмедім. Оны қазір Қытай тарапы тексеріп, ондайды келешекте болдырмауға келісім берді", - деді Айбек Смадияров.
"Қытайдан нақты жауап келмеді иә?" деген сұраққа СІМ ресми өкілі "иә" деп жауап берді.
"Иә, бұл - фейк. Өйткені телефонмен хабарласып көріп едік, ешкім де жауап бермейді, телефон сөндірулі. Өзіңіз айтқандай провокация болуы да мүмкін. Біздің азаматтардан мұндай хабарламаға сенбеуді сұраймыз. Сол күні-ақ Ауылшаруашылығы министрлігі осы хабарламаға қатысты түсініктеме берді. Заңға сай жер сатылмайтынын, жалға берілмейтінін айтты. Сондықтан алаңдайтын ештеңе жоқ. Байқасаңыздар, мемлекет басшысының Қытайға сапары кезінде қандай да бір шу болғандай болды. Қазір ол дүрбелең жоқ, кенеттен тынышталып қалды", - деді ҚР СІМ өкілі.
Журналистің "Бұл үшінші тараптан да болуы мүмкін деген болжам бар ма?" деген сұрағына Айбек Смадияров "Ондай болдам айта алмаймын" деп жауап берді.
Еске сала кетейік, 21 мамыр күні Қазақстанның жері қытайлық сайттарда сатылады деген фейк тараған. Facebook-те Қытайдың интернет-алаңдарында қазақстандық ауыл шаруашылығы алқаптары ашық сатылып жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Оны кейіннен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірден жоққа шығарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript