Жаңалықтар тізбегі
0

Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Франциядағы елшісі айтқан сөзге қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Франциядағы елшісі айтқан сөзге қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 17:10 Сурет: ҚР СІМ
Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шаеның сұхбатында айтқан мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы мәселеге қатысты қандай пікір айтатынын сұрады. "Қазақстан Қытайдың Франциядағы елшісінің сөзіне байланысты нота жібермей ме?" деді БАҚ өкілдері.

"Бұл елші Францияда жұмыс істейді, ол жерге қалай нота жібереміз? Ол Парижде жұмыс істейді. Сөздерді аударып, мүлде басқа тақырыпқа әкелмейік", - деді ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар Айбек Смадияров 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болғанын еске салды:

  • Ұйымға қабылдау туралы шешімді ҚХР тұрақты мүшесі болып табылатын Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынымы негізінде Бас Ассамблея қабылдайды. Сонымен бірге 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қытай елі еліміздің егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын алғашқылардың бірі болып мойындағаны белгілі.
  • Көп ұзамай, 1992 жылдың 3 қаңтарында елдеріміз дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанын ресми түрде жариялады. Халықаралық құқықта дипломатиялық қатынас орнату мемлекетті халықаралық құқық субъектісі ретінде тану дегенді білдіреді.
  • 2022 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Қытай арасында тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы іргелі келісімге қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес тараптар егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтейді.


"Мен Қазақстан мен Қытай арасындағы байыпты қарым-қатынас туралы айтатын барлық тармақты тізіп шықтым. Қытай Сыртқы істер министрлігі өз елшісінің әрекетін түсіндіріп, өз ұстанымына толық реакциясын білдірді", - деді Смадияров.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: