СІМ Украинаның Қазақстандағы елшісі әлі жоқ екеніне пікір білдірді
Сурет: unsplash
Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинаның Қазақстандағы елшісі әлі тағайындалмауына байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер СІМ өкілінен "Көптен бері елшінің жоқ болуы қалыпты ма?" деп сұрады.
"Әбден мүмкін. Бұл - дипломатиялық тәжірибеде қалыпты құбылыс. Жіберуші ел бұл лауазымның қанша уақыт бос болатынын өзі шешеді", - деді Айбек Смадияров.
Сонымен бірге ол СІМ-де елшінің қашан тағайындалатыны туралы ақпарат жоқ екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрінің ресми өкілі ЕҚЫҰ сарапшылары Қазақстандағы сайлау жүйесінің реформасына оң баға бергенін мәлімдеген еді.
Сонымен қатар ол шетелдегі азаматтарды елшіліктерге хабарласып, сайлауға қатысу үшін тіркелуге шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript