СІМ кеше Ресейден келгендерге қарағанда, кеткендер көбірек болғанын айтты
Мәжіліс алаңында Айбек Смадияровтан журналистер көрші елден көшіп келушілер санына қатысты қазіргі жағдайды сұрады.
Кейінгі мәліметтер бойынша, кеше Ресейден керісінше көші-қон болды, яғни кеткен Ресей азаматтарының саны келген Ресей азаматтарынан асып түсті, - деп жауап берді Смадияров.
21 қыркүйектен бастап Ресейде жартылай мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кірсе, 147 мыңы кеткен.
ҚР ІІМ басшысының айтуынша, 3 қазанда Қазақстанға 7 мың Ресей азаматы келсе, 11 мыңға жуық адам кеткен.
27 қыркүйекте ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов 1 сәуірден бері Ресей Федерациясының 441 азаматы азаматтық алуға өтініш білдіргенін, оның 117-сі Ресейден келген этникалық қазақтар екенін айтты.
Ұлттық статистика бюросы қыркүйекте 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында елімізге келгендер саны 5 409 адам, кеткендер саны 18 198 адам болып, көші-қон сальдосы теріс болып, 12 789 адам болғанын хабарлады.