Жаңалықтар тізбегі
0

Швейцарияда мұғалімдер "памперс" киетін 11 жастағы оқушыларға шағымданды

Швейцария, памперс, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 11:50 Сурет: pixabay
Швейцарияда мұғалімдер дәретханаға баруды білмейтіндіктен, оқушылардың сабақта жаялықпен отыратынына шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Швейцария мұғалімдер федерациясының басшысы Дагмар Рёслер балалар мектепке 4 жастан бастап бара бастайтынын, кейбір мектепке әлі жалаяқпен баратынын айтты.
"11 жастағы балалардың мектепке жаялықпен баруы – алаңдатарлық үрдіс", – дейді Дагмар Рослер

Көптеген бала жаялық киюге үйренгені сонша, олар бұл ыңғайлы, бірақ антисанитариялық әдіспен қош айтысуға асыра емес.

Майо клиникасының мәліметі бойынша, көптеген ата-ана баласын "горшоққа" үйретуден бас тартады.

"Кейбір ата-аналар оған мән бермейді, өйткені "памперс" өмірді жеңілдетеді. Қазіргі кезде ол проблема ретінде көрінбейді. Бұл бұрыс сигнал." Педагог ғалым Маргрит Стамм

Балаларды дамыту жөніндегі сарапшы Рита Мессмердің айтуынша, мектепте памперспен баратын балалар саны "күрт өскен". Ол өз бетімен дәретханаға баруды үйренбеген 11 жасар баланы көргенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: