Жаңалықтар тізбегі
0

ГФР Қытайды Ресейге ықпал етуге шақырды. АҚШ Украинаға кезекті көмек пакетін ұсынбақ

Украинадағы жағдай Сурет: Facebook/Olaf Scholz
АҚШ Президенті Джо Байден Ресейдің ядролық қаруды қолдану ықтималдығы "нақты" деп атады, Германия халқы украиналық босқындардың есебінен айтарлықтай өсе түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу: "Егер Украина арнайы операция аймағынан тыс Ресей территориясына Батыс зымырандарымен соққы беретін болса, онда бұл АҚШ пен Ұлыбританияның шиеленіске "толыққанды тартылуы" ретінде қарастырылады";
  • Путиннің тактикалық ядролық қаруды қолдану қаупі "нақты", - деді АҚШ Президенті Джо Байден;
  • Путин украин тақырыбы бойынша диалог пен байланысқа дайын, бірақ Киевтің қазіргі ұстанымы келіссөздерге тікелей жол бере алмайды, - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков;
  • Украина барлау қызметінің басшысы Кирилл Буданов жергілікті телеарнаға шығып, өзінің өлімі немесе жарақат алғаны туралы БАҚ-тағы хабарламаларды жоққа шығарды;
  • РФ Цифрлық министрлігі дрондарды анықтау және бұғаттау жүйелерінің жұмысқа кірісуіне байланысты GPS және ұялы байланыста орын алған ақаулар мәселесін шешу үшін арнайы топ құруды жоспарлап отыр;
  • "Қаншама қару-жарақ берілсе де, қақтығыс аяқталмайынша ол жеткіліксіз болады". Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба осылай деп мәлімдеме жасады;
  • Астық мәмілесі аясында Ресей Федерациясының үш негізгі талабын орындауы тиіс БҰҰ бұл ретте ештеңе істей алмайтынын мойындады;
  • РФ Мемлекеттік Думасы мобилизация және әскери жағдай кезінде келісімшарт жасасқан адамдарды Қылмыстық кодекс бойынша жауапкершіліктен босатудың құқықтық кепілдіктері туралы заң қабылдады;
  • Егер НАТО Столтенберг арқылы кезекті мәрте Украинадағы қақтығысты "тоқтатуға" қарсы екенін мәлімдесе, демек олар соғысқысы келеді, - деді РФ СІМ басшысы Сергей Лавров;
  • АҚШ сәрсенбі күні - 21 маусымда Украинаға берілетін жаңа ірі көмек пакетін жариялайды, - деді Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен;
  • Еуропалық комиссия ЕО-ның барлық 27 елінен Украинаны қолдауға, көші-қонмен күреске, ел экономикасын ынталандыруға €66 млрд қосымша қаражат бөлуді сұрады;
  • Сондай-ақ, Еуропалық комиссия Украинаға келесі төрт жылы үшін 50 млрд евроның көмек ақшасын алдын ала жоспарлап, бөліп қоюды ұсынды, деп мәлімдеді ЕК басшысы Урсула фон дер Лейен;
  • ГФР канцлері Олаф Шольц украин шиеленісін мүмкіндігінше тезірек реттеу үшін Қытайды Ресейге ықпал етуге шақырды;
  • ЕО-ның бас дипломаты Боррель ЕО оқ-дәрілерді өндіруге қажетті маңызды материалдар жетіспей жатқандықтан, оны импортқа алуға мәжбүр екенін жеткізді;
  • Германияның халқы 2022 жылы 1,12 миллион адамға өсіп, рекордтық деңгей - 84,4 миллионды құрады. Мұндай шалт өсім негізінен украиндық босқындардың көші-қонымен байланысты, деп хабарлайды Германияның Федералды статистикалық департаменті.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: