Мәскеу және Мәскеу облысында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

Әскери төңкеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2023 12:22 Сурет: nac.gov.ru
Мәскеу қаласында, Мәскеу мен Воронеж облыстарының территориясында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, сенбіде РФ Ұлттық терроризмге қарсы комитет (ҰТК) хабарлады.

"Мәскеу қаласында және Мәскеу мен Воронеж облыстарының территориясында ықтимал террористік актілердің жолын кесу мақсатында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді",- деп хабарлайды iz.ru ҰАК-тың ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағылар әскери көтеріліс жасады. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламалардан кейін белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: