Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік Дума өкілі "Вагнер" ЖӘК-тің ендігі тағдырына қатысты өз ойын айтты

Вагнер, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2023 17:53 Сурет: ТАСС
РФ Мемлекеттік Думасының өкілі "Вагнер" жеке әскери компаниясының болашақ тағдырына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РФ Мемлекеттік Думасы Қорғаныс комитетінің мүшесі Виктор Соболев "Подъём" басылымына берген сұқбатында "Вагнер" сапындағы сарбаздар Қорғаныс министрлігіне өтетінін, кейбір бөлімшелері өздігінен тарайтынын, бірақ оларды ешкім қудаламайтынын айтты.

Пригожиннің артынан Беларусьқа бару мүмкін бола қоймас, - деді Соболев.

Комитет мүшесінің айтуынша, тікелей тәртіпсіздіктерге қатыспағандар РФ Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырып, өздерінің әскери бөлімдеріне орала алады.

Алайда, бүлікке қатысушылардың тағдыры әлі белгісіз. Бірақ олардың қудаланбайтыны анық, өйткені Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешімді РФ Президенті қабылдады.

"Ол (Қорғаныс министрлігіне өту) қалай болады, бұрынғы бөлімшелерінің құрамында қалады ма, ол жағын нақты айта алмаймын, бұл - Президенттің шешімі. Бүлікке қатысқандар, менің түсінуімде, үйлеріне жіберілетін сияқты. Олардың еңбегін ескеріп, қудаламайды. Ресми түрдегісі осындай, Песковтан (Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы) анық естігенім осы".

Сонымен қатар Соболев Беларусь Президенті Александр Лукашенко өз елінде жеке әскери компанияның болғанын қалмасы анық екенін айтады. 

"Менің ойымша, Лукашенко Ресейдегі жағдайдан сабақ ала отырып, Беларусь территориясында жеке әскери компанияны ұйымдастыруға рұқсат бере қоймас".

Айта кетсек, 24 маусымда РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Евгений Пригожинге қатысты қозғалған қарулы бүлік туралы қылмыстық іс тоқтатылатынын, "Вагнер" ЖӘК жасақтары далалық лагерьлеріне оралатынын, ал Пригожиннің өзі Беларусь еліне кететінін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: