Армения парламенті әйелдердің әскердегі қызметі туралы заң қабылдады
Сурет: mil.am
Армения парламенті әйелдерді ерікті түрде әскери қызметке шақыру жүйесі туралы заң қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости басылымының жазуынша, тиісті заң жобасын 107 депутаттың 64-і қолдап дауыс берген.
Армения қорғаныс министрі Сурен Папикянның айтуынша, 18 бен 27 жас аралығындағы әйелдер жыл сайын 1 наурыз бен 1 қыркүйекке дейін міндетті алты айлық әскери қызметтен өтуге өтініш бере алады. Сонымен қатар заң жобасына сәйкес, әйелдер әскерге шақырылған күнге дейін қызметтен бас тарта алады.
Олар жартыжылдық қызметті оқу бөлімінде атқарады, бұл үшін әйелдер батальоны жасақталып жатыр. Алты айлық мерзім өткеннен кейін әйелдер бес жылдық келісімшарт бойынша қызметке ауыса алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript