Дональд Трамп Қытай Джо Байденді толық бақылап отырғанын айтты

АҚШ, Қытай, Куба, Байден, Трамп, АҚШ президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2023 10:45 Сурет: Facebook/Donald J. Trump
АҚШ президенті Джо Байденді Қытай қадағалап отыр. Бұл жөнінде елдің бұрынғы президенті Дональд Трамп Нью-Гэмпширде өткен республикашыл әйелдер федерациясының жиынында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трамп АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі Қытайдың Кубадағы қызметі туралы хабарларға жауап бермей отырғанын айтып, мұны ол қазіргі президент отбасы қытайлық компаниялардан ақша алып отыр деген болжаммен байланыстырды, деп жаздыТАСС.

"Оның ешнәрсе істегісі келмейтін себебі – оның ымыра жасасқаны. Қытай оны басқарып отыр", – деді Трамп.

Егер ол 2024 жылғы сайлауда жеңіске жетсе, Қытайдан 48 сағат ішінде Кубадағы әскері мен тыңшылық техникасын шығаруды талап етуге уәде берді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қытай мен Куба АҚШ-ты қадағалап отыру үшін аралда Қытай базасын құру туралы құпия келісімге келген-мыс. Алайда Кубаның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, ал ҚХР Сыртқы істер министрлігі бұл тақырыптан беймағлұм екенін мәлімдеді.

Жақында Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп америкалық БАҚ-тарды айыптап, олар қазіргі мемлекет басшысы Джо Байден төңірегіндегі жанжалды жасырып жатқанын айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: