Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әуежайы Оманнан келетін алғашқы рейсті қабыл алды

Алматы әуежайы Оманнан алғашқы рейсін қарсы алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2023 17:40 Сурет: Zakon.kz
SalamAir авиакомпаниясы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап апта сайын Алматы мен Оман астанасы Маскат арасында орындалатын тікелей рейстің ашылатынын жариялады. APG Central Asia Қазақстандағы сату жөніндегі бас агент (GSA) болып тағайындалды.
"Инаугурациялық рейс халықаралық Алматы әуежайына 2023 жылғы 02 шілдеде сағат 03.45-те келеді. Аталған іс-шараға Оман Сұлтандығының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - мәртебелі Мұхаммед Абдулла әл-Бахрани мырза, Salam Air авиакомпаниясының бас директоры Мұхаммед Ахмед, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Ластаев Талғат, халықаралық Алматы әуежайының аға вице-президенті Омюр Фатих қатысады", - делінген Халықаралық Алматы әуежайының Корпоративтік Коммуникациялар департаменті хабарламасында.

Алматы сияқты бірегей туристік бағыттарға сұраныстың жоғары болуына байланысты SalamAir жақын арада осы жаңа рейстердің бортында өз клиенттерін қарсы алуға үміттенеді.

SalamAir авиакомпаниясы өзінің коммерциялық қызметін 2017 жылы Омандағы авиация саласында жаңа стандарттар орнатуды көздеп бастады. SalamAir Авиакомпаниясы 2021 және 2022 жылдары Оманның "Ең сенімді бренді" және "Азиядағы ең жас флот" марапатымен мадақталды. Авиакомпания алты A320neo ұшағын, бес A321neo ұшағын және бір Airbus A321 жүк ұшағын пайдалануда. SalamAir Дубай, Доха, Медина, Кувейт, Бахрейн, Баку, Алматы, Бангкок, Пхукет, Куала-Лумпур, Прага және т.б. қоса алғанда ішкі және халықаралық бағыттар бойынша рейстерді орындайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: