Жаңалықтар тізбегі
0

Украинадағы жағдай: Зеленский РФ мен ҚР-дың бірқатар кәсіпорындарына санкция салды

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2023 21:55 Сурет: president.gov.ua
Владимир Зеленский тек бір шарт орындалғанда ғана келіссөздер жүргізуге болатынын айтты. Ол бойынша Украинаның 1991 жылғы шекарасы сақталуы, яғни Қырым, ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстары да қамтылуы тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Владимир Зеленский 291 кәсіпорынға 10 жыл мерзімді қамтитын санкцияларды салды. Санкция тізімінде Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстан және Кипр территориясында жұмыс істейтін 291 ұйымы бар.
  • РФ Үкіметі Ресей территориясында поляк жүк көліктерінің жүруіне тыйым салды.
  • Лукашенко Беларусьтың ешқашан ядролық қаруды қолданбайтындығына сенімді, бірақ ол өздерінде бұл қару болуы керек деп санайды.
  • ОБҚ директоры Уильям Бернс Украинаға бейресми соға кетті - The Washington Post.
  • Украина Президенті Владимир Зеленский Украина армиясы 11 шілдеде басталатын НАТО саммитіне дейін "нәтиже көрсетуі керек" деп мәлімдеді.
  • Медведев өзінің Украина жағында екенін айтқан Макронға Францияның жағына өтуді ұсынды. "Қаруға жұмсалған ақша француздарға пайдалырақ болар еді", - деді ол.
  • Испания Украинаға тағы төрт Leopard ұрыс танкін, сондай-ақ бронды көліктер мен дала госпиталі портативтерін жөнелтеді - Испанияның Премьер-министрі.
  • Лукашенко Беларусь елінде достас емес елдердің БАҚ-тарына тыйым салу мүмкіндігін қарастыратын заңға қол қойды.
  • Вашингтон соғыс қимылдарын жалғастыруға мәжбүр ете отырып, Украинаға қысым жасауда, бірақ қарсы шабуылдар сәтсіздікке ұшырауда, Киевтің НАТО-ға мүшелікке өту мүмкіндігі де аз - Пентагонның бұрынғы аға кеңесшісі.
  • Польшада ядролық қаруды орналастыру оның пайдалану қаупін арттырады - РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: