"Вагнер" жалдамалы жасағының басшысы Пригожин Путинмен кездесті
"Бұл кездесу 29 маусымда Кремльде өтті. Ол үш сағатқа жуық уақытқа созылды". Дмитрий Песков
Песковтың айтуынша, Путин іс-шарада "арнайы әскери операция кезіндегі компанияның майдандағы әрекеттеріне, сондай-ақ 24 маусымдағы оқиғаға баға берді, командирлердің түсініктемелерін тыңдап, оларға еңбек келісімінің түрлі нұсқасын ұсынды".
"Олар мемлекет басшысы мен Жоғарғы қолбасшының табанды жақтасы әрі сарбазы екенін баса айтты". Дмитрий Песков
Кездесу жөніндегі басқа мәліметтерді Песков білмейтінін айтты.
24 маусымға қараған түні Дондағы Ростовта "Вагнер" жалдамалы жасағының әскерлері Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтерін басып алды. Бұл жайт бизнесмен Евгений Пригожиннің Ресей қарулы күштері жасақ лагерлеріне зымыранмен және бомбамен шабуыл жасады деген мәлімдемесінен кейін болды. Бұл ақпаратты Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі жоққа шығарды.