Қазақстандықтардың жартысынан азы өмірінің сапасына қанағаттанады
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, респонденттердің 41,8%-ы ғана өміріне қанағаттанатынын айтқан. Сонымен қатар ауыл тұрғындары арасында барлығына қанағаттанатындар көбірек болды (46,5%, қала тұрғындарының арасында 39,6%). Қазақстандағы ер адамдар әйелдерге қарағанда өз өміріне қанағаттанады (39,5%-ға қарсы 45,4%).
2022 жылы статистика мамандары жүргізген осыған ұқсас сауалнамамен салыстырғанда қазақстандықтар өз өмірін сәл жақсырақ бағалай бастады – қанағаттану деңгейі небәрі 0,5% өсті.
Зерттеуге қатысушылардың 47,6%-ы денсаулығына қанағаттанған (49,3%-ы жартылай қанағаттанған). Ал жедел жәрдем қызметінің сапасына респонденттердің 56,1%-ы қанағаттанады. Бұл ретте респонденттердің үштен екісі қаржылай жағдайын қанағаттанарлықсыз деп атады (тек 34%-ы ғана қанағаттанған).
Қазақстандықтардың басым бөлігі (72,2%) әл-ауқат деңгейін орташа деп бағалады. Тек 1%-ы ғана табысын жоғары, ал 0,3%-ы төмен деп есептейді. Көбіне қаржылай жағдайға қанағаттанбау себебі айқын: жалақы мен зейнетақының төмендігі.
"Еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылу жағдайына байланысты 94,4% адам жалақының төмендігін басты себеп ретінде көрсетсе, жұмыссыздар үшін ақы төленетін жұмыстың жоқтығы (78,5%) басты себеп", - делінген мәліметте.