Швейцария тауларында 37 жыл бұрын жоғалып кеткен альпинистің сүйегі табылды

Швейцария таулары, альпинист, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2023 15:21 Сурет: Вале кантонының полициясы
Альпинистер 37 жыл бұрын Швейцариядағы әйгілі Маттерхорн маңындағы мұздықта із-түссіз жоғалып кеткен неміс альпинисінің сүйегін тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 шілдеде Швейцарияның Церматт аулы маңындағы Теодул мұздығына саяхат жасаған альпинистер адам қалдықтары мен бірнеше құрал-жабдық тапты, деп жазды CNN.
"ДНК сараптамасы 1986 жылдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен альпинистті анықтауға мүмкіндік берді. 1986 жылдың қыркүйегінде сол кезде 38 жаста болған неміс альпинисі жоғалып кеткен", - делінген полиция хабарламасында.

Билік қардан шығып қалған қызыл баулары бар жалғыз аяқ киімнің, сондай-ақ жоғалған адамға тиесілі асай-мүсейдің суретін жариялады.

Сурет: Вале кантонының полициясы

Швейцария полициясы мұздықтардың шегінуі бірнеше ондаған жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен альпинистерді табуға септігін тигізіп жатқанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: