Жаңалықтар тізбегі
0

Африкада дәрігерлер мен медбикелер жаппай елден кетіп жатыр

Африка, Еуропа, эмиграция, медицина, дәрігер, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 16:33 Сурет: freepik
Африка елдері мамандардың елден кетуіне байланысты медициналық кадр тапшылығына тап болды. Нигерия, Гана және Зимбабвенің дәрігерлері АҚШ, Аустралия және Еуропаға жұмыс істеуге кетіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлер мен медбикелер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптары мен өз отанында жұмыс істеуге міндеттейтін заңдарына қарамастан Африка елдерінен жаппай кетіп жатыр, деп жазды The Guardian. Бұл мәселе әсіресе Нигерия, Гана және Зимбабведе өзекті болып тұр.

Нигерияның астанасы Лагоста емделушілер медбикені көру үшін үш сағат кезекте тұруы керек. Нигерияда 5000 адамға бір ғана медицина қызметкері келеді, салыстырып көрер болсақ, дамыған елдерде бір дәрігерге 254 адамнан келеді. Медициналық білім алған нигериялықтар елінде жұмыс істеудің орнына шетелге АҚШ-қа, Канадаға, Ұлыбританияға немесе Аустралияға, сондай-ақ Таяу Шығысқа баруды жөн көреді. Бұл жағдай медбикелерге де қатысты, мәселен, 2017 жылдан бері 75 мың медбике елден кеткен.

Африкалық қоғам белсенділерінің пікірінше, дәрігерлердің "елден қашуының" себептері түсінікті: дәрігерлер еңбек жағдайының жақсы болғанын, әлеуметтік кепілдіктер мен жалақысы лайықты болғанын қалайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандар ағылуы нәтижесінде бүкіл әлемде, әсіресе табысы орташадан төмен елдерде дәрігерлердің тапшылығы 2030 жылға қарай 10 миллион адам болады деп ескертті.

"Дәрігерлер мен медбикелер жақсы өмір сүру үшін Батыс пен Таяу Шығысқа кетіп жатыр. Мұны тоқтату үшін заң қабылдау керек пе, әлде оларды елде ұстау үшін жұмыс жағдайларын жақсарту керек пе?", – дейді нигериялық құқық қорғаушы және бұрынғы сенатор Шеху Сани.

Ресми түрде ДДҰ-ның "қызыл тізімі" бар, оған Африканың 37 елі кіреді: экономикалық дамыған елдер білікті дәрігерлерді ол жерден артып ауламауы керек деп болжанып отыр. Іс жүзінде бұл тыйымдар жұмыс істемейді: мысалы, тек былтыр ғана Ганадан 4000-ға жуық медбике кеткен. Сонымен қатар Еуропада медициналық қызметкерлерді шетелден, соның ішінде Африкадан жалдау күрт өсті. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: