Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрлігі үшжақты газ ынтымақтастығы туралы айтты

Энергетика министрлігі үшжақты газ ынтымақтастығы туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 17:35 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2022 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасы арасындағы газ саласындағы үшжақты ынтымақтастықты қалыптастыру бастамасын Ресей Федерациясы жариялады. деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте ресейлік және өзбек тараптарынан бұл ынтымақтастық бойынша ресми ұсыныстар түскен жоқ. Бұл елдермен газ саласындағы ынтымақтастық екіжақты форматта өзара тиімді серіктестік негізінде жүзеге асады.

"Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің ресейлік газды Өзбекстан Республикасы бағытында транзиттеу үшін еркін қуаттары бар екенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының үкіметі мен "Газпром" ЖАҚ арасында ресейлік газды Өзбекстан Республикасына тасымалдау мақсатында "Орталық Азия – Орталық" магистральдық газ құбырын дайындау бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойылды", - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Осылайша бүгінде Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау үшін "Орталық Азия – Орталық" магистральдық газ құбырының қазақстандық бөлігін техникалық дайындау жүргізіліп жатыр. Оның аяқталуы 2023 жылдың 1 қазанына жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: