Қазақстандық сейсмологтар магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісін тіркеді

Тәжікстан, жер сілкінісі, сейсмология, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2023 09:00 Сурет: wikimedia
Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мамандары Алматыдан 4,5 668 шақырым қашықтықтағы Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер асты дүмпуі кеше, 17 қыркүйекте кешкі уақытта болған. Бұл жөнінде "СТӘЭ" ЖШС сайты жазды.

"17 қыркүйекте Алматы уақытымен 22:23-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 668 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан", – делінген хабарламада.
  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 10.3.
  • MPV магнитудасы: 4,5.
  • Тереңдігі: 25 км.
  • Сезілгені туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: