Жаңалықтар тізбегі
0

Таулы Қарабақтағы жанар-жағармай қоймасындағы жарылыс: Эвакуациялау процесі әлі жалғасуда

Аурухана, Таулы Қарабақ, жанар-жағармай қоймасындағы жарылыс, эвакуация , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 23:35 Сурет: pixabay
Степанакерт (Ханкенді) қаласының маңында жанар-жағармай толы цистерна жарылды. Кем дегенде 20 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жарақаттанды. Олар аталған аймақты тастап кету үшін жолға шығып, жанар-жағармай құю бекетінде бензин алу үшін кезекте тұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрттен зардап шеккендердің 67-сі Ереванның Ұлттық күйік орталығына жеткізілді, деп хабарлады Арменияның Денсаулық сақтау министрі Анаит Аванесян Үкіметте өткен брифингте, деп жазады Sputnik Армения.

Ол зардап шеккендердің көпшілігінің жағдайы өте ауыр және ауыр деп бағаланатынын, сонымен қатар орташа ауырлық дәрежедегілері де барын жеткізді.

"Эвакуациялау процесі әлі жалғасуда. Жедел жәрдем көліктері қазір жарылыс салдарынан зардап шеккендерді Степанакерттен қазірдің өзінде әлі тасымалдап жатыр", – деді министр Анаит Аванесян.

Ол Ереванға бұған дейін 23 жаралы адам жеткізілгенін, қазіргі уақытта олар ем алып жатқанын, қажет болған жағдайда ота жасалатынын да еске салды.

"Бүгін Ереванға балалар, оның ішінде жаңа туған нәресте жеткізілді, олардың бірінің жағдайы ауыр. Олар медициналық бақылауға алынған, жағдайлары тұрақты", - дейді Арменияның Денсаулық сақтау министрі.

Әзірбайжан Президентінің кеңсесі Баку жараланғандарға көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек жібергенін хабарлады.

25 қыркүйекте кешке Степанакерт маңында отын қоймасында үлкен жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 290 адам ауруханаға жатқызылды, оның жетеуі көз жұмды. Тағы 13 адамның денесі сот-медициналық сараптама бюросына жеткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: