Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанда жер сілкінісінен кейінгі ең қиын учаскеде жұмыс істеп жатыр

Ауғанстан, Қазақстан, құтқарушылар, жер сілкінісі зардабы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 12:37 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға аттанған қазақстандық құтқарушылар үйінділерді аршу жұмысына кірісіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ауғанстанға жіберілген Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары Герат провинциясына келгеннен кейін түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.

Қазақстандық құтқарушылар үшін жұмыс ауданы Герат қаласынан 25-30 км қашықтықта орналасқан Наиброфи жері анықталды.

Биліктің айтуынша, бұл учаске ең қиын екенін атап өткен жөн. Дәл осы жерде хабар-ошарсыз кеткендер көп.

Герат билігі құтқарушылардың жеделдігі үшін алғыс білдіріп, тәулік бойы жұмыс істеуге ниет білдіргеніне таңқалды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда 45 адамнан құрылған Қазақстан ТЖМ күштер мен құралдар тобын Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілді. Бұған қоса 11 қазанда гуманитарлық жүктің бірінші бөлігі жіберілді.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: