Армения Президенті Рим статутын ратификациялаған құжатқа қол қойды

Армения Президенті, Рим статутын ратификациялау , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2023 15:44 Сурет: president.am
Армения Президенті Ваагн Хачатурян Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын ратификациялау туралы өтінішке қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қазанда аталған құжат Армения Республикасы Президентінің ресми сайтында жарияланды.

"13 қазанда Армения Республикасының Президенті Ваагн Хачатурян 1998 жылы 17 шілдеде қол қойылған Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын ратификациялау туралы Заңға қол қойып, Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын қайта тану туралы" өтінішті қабылдады", делінген мәтінде

Армения Парламенті 2023 жылдың 3 қазанында Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын ратификациялады. Аталған шараны қабылдауда Армения билігі Әзербайжан басшылығын Халықаралық қылмыстық сот жауапқа тартады деп үміттенеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: