Қазақстандықтарды Израильден аман алып келген экипаж мүшелері марапатталды

Air Astana әуе компаниясының экипажы қазақстандықтардың Израильден оралуын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтық авиация комитеті (ААК) Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстанның Израильдегі елшілігімен бірлесіп ұшу қауіпсіздігі мен қазақстандықтардың Израильден оралу қаупін бағалау бойынша жұмыс жүргізді.
"Өз міндеттерін адал атқарғаны үшін көлік министрі Марат Қарабаев Air Astana әуе компаниясының экипажын Қазақстан азаматтарының Израильден қайтарылуын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапаттады", - делінген ААК хабарламасында.
Алғыс хаттармен марапатталды:
- Эйрбас командирі – Ольховский Станислав Андреевич;
- Шеф пилот – Колесников Олег Евгеньевич;
- Екінші пилот Эйрбас – Орлов Сергей Васильевич;
- Екінші пилот Эйрбас – Сұлтанов Алмас Серікұлы;
- Бортсерік-супервайзер – Сеилханова Акерке Бахтиярқызы;
- Бортсеріктер супервайзері – Мушрапилов Фарух Фарменович;
- Аға бортсерік – Костюк Ольга Геннадьевна;
- Бортсерік-супервайзер – Адамбекова Әсем Керімбайқызы,
- Аға бортсерік – Кожахметова Зарина Серікқызы;
- Бортсерік-супервайзер – Төлегенова Әсем Берікханқызы;
- Аға бортсерік – Абильдаев Руслан Булатбекұлы;
- Бортсерік – Жантаева Айнур Бертайқызы;
- Бортсерік бизнес-класса – Попова Анастасия Владимировна;
- Бортсерік – Шерімханова Аружан Серікқызы.
7 қазан күні таңертең Израиль мен Палестина арасында қақтығыс басталды. Кейбір рейстердің тоқтатылуына және бірқатар авиатасымалдаушылар Израильге рейстерді орындаудан бас тартуына байланысты Қазақстан елшілігі авиакомпаниямен бірлесіп Қазақстанға қайтып оралғысы келген азаматтардың тізімін жасады.
11 қазанда Алматыға Тель-Авивтен эвакуацияланған қазақстандықтар бар ұшақ келді. Ұшақ бортында 166 жолаушы, оның ішінде екі сәби болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript