Қазақстан Қытайға мұнай экспортын он есе арттыра алады
Сурет: pixabay
Қазақстан Қытайға мұнай экспортын арттыруға дайын. Бұл туралы 3 қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Энергетика министрінің айтуынша, қазір Қазақстан Қытайға 1 миллион тоннадан сәл астам мұнай экспорттайды. Бұл ретте еліміздің қосымша экспорттық мүмкіндіктері бар.
"Біз құбырдағы бос қуаттың болуы және қытайлық әріптестерімізбен бірге Кеңқияқ-Атырау және Кеңқияқ-Құмкөл магистральдық мұнай құбырларының учаскелерін кеңейту бойынша екі жобаны жүзеге асыру туралы айтып отырмыз. Бұл бізге батыстан аймақтарға мұнай жіберуге мүмкіндік береді", - деді Алмасадам Сатқалиев.
Министр тараптар жобалық шешімдер бойынша келісімге келгенін қосты.
"Қытай тарапы мұнайдың кепілдендірілген көлемі мәселесін көтерді. Біз министрлік ретінде Қытайға қазақстандық мұнайды қосымша 10 миллион тоннаға дейін жеткізуді қамтамасыз ете алатынымызға кепіл береміз. Қазір Қытай тарапынан тиісті шешімдерді күтіп отырмыз", - деді ҚР Энергетика министрі.
Бұған дейін Энергетика министрі Қазақстанның Қытайға қанша газ беретінін айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript