Жаңалықтар тізбегі
0

Делидегі ауаның ластығы ДДҰ шектеуінен 100 есе асып түсті

Делидегі ауаның ластығы ДДҰ шектеуінен 100 есе асып түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2023 11:29 Сурет: unsplash
Үнді қаласындағы ауа сапасының индексі 500-ге жетті. Бұл – мүмкін болатын ең жоғары көрсеткіш. Көрсеткіш Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) нормасынан 100 есе жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа сапасының қазіргі жағдайына байланысты Дели билігі мектептерді жабуға мәжбүр болды. Бұл туралы The Guardian жазды. Кейінгі аптада көршілес Харьяна және Пенджаб штаттарында егіс науқаны кезінде егістіктерін өртеп жіберген фермерлер санының артуына байланысты қаладағы ауа сапасы нашарлады.

Кейінгі күндері Пенджабта фермадағы өрттер 740% өскен. Бір күнде мыңнан астам өрт тіркелген. Қаланың ластануының басқа себептеріне көліктердің шығарындысы, құрылыс және қалдықтарды өңдеу зауыттарындағы қалдықты өртеу жатады.

Шамамен 33 миллион адам тұратын Дели әлемдегі ең ластанған қала ретінде тұрақты айтылып келеді. Чикаго университетінің энергетикалық саясат институты жасаған биылғы өмір сапасының индексіне сай, Дели тұрғындары тыныс алатын ауаның нашарлығына байланысты өмірін 11,9 жыл қысқартуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: