Байденнің немересінің күзетшісі Вашингтонда атыс шығарды
The Telegraph басылымының жазуынша, Джо Байденнің немересінің күзетшілері Вашингтонда үкімет көлігін ұрламақ болған үш адамға оқ жаудырған. Көлік ұрылары Құпия қызмет фургонының терезесін сындырып жатқан жерінде ұсталды.
Наоми Байденді күзететін екі агент ұрыларға оқ жаудырды, бірақ ешқайсысына оқ тиген жоқ. Қылмыскерлер көлігікке отырып қашып кеткен, олар қала бойынша іздестірілуде. Бұл оқыс жағдайда АҚШ президентінің немересі зардап шеккен жоқ.
Вашингтон бірнеше ай бойы қылмыс деңгейінің өсуімен күресіп келеді. Биыл Америка астанасында ұрланған көліктер туралы 6 мыңнан астам хабарлама тіркелген. Вашингтонда көлік тонағаны үшін ұсталғандардың көбі жасөспірімдер. Полиция жүргізушілерге Америка астанасының көшелерінде жалғыз жүрмеуге кеңес берді. Зорлық-зомбылық қылмыстары да өсті,