ДДСҰ: Қытайда ауруханалардың науқастарға толуына жаңа вирус түрткі емес
Қытайдың солтүстігінде ауруханалар белгісіз ауруға шалдыққан науқас балаларға толып кеткен деген хабарлар бірнеше күн бұрын баспасөзде беттерінде тарады. Кейбір басылымдардың хабарлауынша, белгісіз пневмония кесірінен мектептердің бір бөлігін карантинге жабуға тура келетін секілді. Барлық жағдайларды білу үшін ДДСҰ Қытай билігінен елдегі жағдай туралы толық есеп беруді сұрады.
Бірер күн бұрын ДДСҰ өткен бейсенбіде ұйым мамандары Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы және Бейжің балалар ауруханасы өкілдерімен телекөпір өткізгенін хабарлады, деп жазады DailyMail.
"Қытай билігі Бейжің мен Ляонинді қоса алғанда, жаңа патогендер немесе ерекше клиникалық белгілер анықталмағанын, тек белгілі патогендердің көптігінен тыныс алу жолдары аурулары өсімі артқанын хабарлады. Сондай-ақ олар респираторлық аурулардың көбейіп жатқанын, бірақ науқастар ауруханаға сыймай жатыр деген тағы айтуға болмайтынын жеткізді". ДДҰ баспасөз қызметі
Қытай бұл ауру микоплазмалық пневмония, RSV, аденовирус және тұмаудан туындаған инфекциялардың жиынтығынан өршіді дегенді нығырлап айтады.
Сәрсенбіде ДДСҰ Қытайдың солтүстігінде белгісіз пневмонияны жұқтыру ошақтары туралы толық есеп сұрап, өз алаңдаушылығын білдірді. Ұйым Қытай билігінің 2003 жылы SARS пневмониясын жасырғанын, сондай-ақ пандемияға әкеліп соқтырған 2019 жылы коронавирус туралы да уақтылы хабарламағанын атап өтті.